Түркістан облысындағы шағын аудандар көгілдір отынға қосыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы шағын аудандар көгілдір отынға қосыла бастады

27.03.2023

Түркістан облысының Шардара қаласындағы шағын аудандар көгілдір отынға қосыла бастады. Келес ауданында да 9 елдімекеннің халқы табиғи газдың игілігін көріп жатыр. Былтыр бұл ауылдарда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Алғашқылардың бірі болып көгілдір отынға Қошқарата ауылдық округіндегі Аманжар ауылының тұрғындары қол жеткізді. Бүгінде осы ауданда газбен қамтылған елдімекен саны 50-ге жетті. Жалпы, көгілдір отынмен қамту деңгейі 77 пайызға жуық.

Молдалы Тәжібаев, Аманжар ауылының тұрғыны:

Жылда айтылатын әңгіме еді бізде. Жаңа жолыңызды салып береміз. Газыңызды қалай береміз дейтін. Ешкім сенбейтін нәрсе бүгін орындалып отыр ғой енді. Көмір тасып күл шығару деген ол бір. Екінші үйдің тазалығы қанша дегенмен, шындап келгенде, қаладан кемшілігі болмайын деп тұр ғой ауылымыздың да.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу