Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков есеп берді

24.10.2014
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков есеп берді

Қазақстан өнеркәсібінің қарашаңырағы - Қарағанды облысы. Қазір өңірде «Индустриалды картаға» енген 80 жобаның 55-і жүзеге асса, 37-і толық қуатына шықты.

Аймақтағы айтулы жаңалықтармен бөлісуге Астанаға Нұрмұхамбет Әбдібеков келді.

Әкімнің сөзінше,  облыста «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы аясында қолға алынған 53 кәсіпорынның екеуі ғана іске қосылған.

Түйткілді тарқату үшін өңірде жаңа зауыт ашылады. Ал, қалған 50-ге жуық жобаның жағдайы мұқият зерттеледі.

 

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу