Ол үшін жылына 8 миллион теңгеге дейін қаражат төлейді. Алайда, жалға алған ғимарат тар, әрі талапқа сай келмейді. Оның жайсыздығын науқастар да, дәрігерлер де сезініп отыр.
Қостанай ауданы – облыстағы халық ең көп шоғырланған өңір. Тұрғындар саны 68 мыңнан асады. Осынша адамға 600 медицина маманы қызмет көрсетеді.
Бірақ соның 62-сі ғана дәрігерлер. Әрине, кадр тапшылығы бар. Ең басты қиындық – аудандық аурухана ғимаратының талапқа сай келмейтіні.
Мұндағы медицина құрылғылары да ескірген. Мысалы рентген аппараты жиі істен шығып, жұмыс тоқтап қалады. Ұзын-сонар кезекте тұрып сарылған жұрттың жүйкесіне тиетіні де осы.
Дәуренбек ӘБДІБЕК