Шалғайдағы аудандар көгілдір отынмен қамтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шалғайдағы аудандар көгілдір отынмен қамтылады

17.10.2014
Шалғайдағы аудандар көгілдір отынмен қамтылады

Елімізде жүзеге асып жатқан ірі жобалардың бірі - «Бейнеу-Шымкент» магистралдық газ құбыры. Оның шарапатын енді шалғайдағы Бәйдібек, Созақ аудандарының тұрғындары да көргелі отыр.

Бүгін аталған аудандарға газ тарататын «Шалдар» автоматты станциясының құрылысы басталды. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз» Акционерлік қоғамы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бірлесіп іс-қимыл жасау жөніндегі меморандумға қол қойды.

«Бейнеу- Шымкент» магистралінен Бәйдібек ауданы орталығы Шаян ауылына тартылған газ құбырының ұзындығы 32 шақырымды құрайды.

Оның құрылысын жүргізетін мердігер «Интергаз Орталық Азия» компаниясы  тиісті жұмыстарды келесі жылдың қараша айында аяқтаймыз деп отыр.

Айнұр АҚБАЕВА  

Хабарламаларға жазылу