Маңғыстау облысында мал аштан қырылып жатыр. Оған биыл жаңбыр жаумай, қуаңшылықтың қыспаққа алуы себеп. Бұл өңірдің бұрыннан да жайылымдық жері көкке бай емес.
Дегенмен ала жаздай бір тамшы да жаңбырдың тамбауы шаруалардың қалтасына салмақты ертерек түсірді.
Тілекқабыл ақсақал күндегі әдетімен ауыл шетін шолып өтіп, малдың өлексесін санап жүр. Маңдай термен баққан малдың арам қатқаны оны қатты қынжылтады.
Жазира ӘБІЛ