Маңғыстау облысының тұрғындары жаңбыр тілеп, тасаттық жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысының тұрғындары жаңбыр тілеп, тасаттық жасады

25.04.2022

Маңғыстау облысының тұрғындары жаңбыр тілеп, тасаттық жасады.

Теңіз жағалауына шамамен 3 мыңнан астам адам жиналды. Оларға өңірдің бас имамы Әнуар Елжанов жаңбыр тілеу намазының мағынасын түсіндірді. Содан кейін, көпшілік Маңғыстау өңірі үшін жуын тілеп, арнайы дұға оқыды. Айта кетейік, аймақта 2 жылдан бері қуаңшылық. Салдарынан ресми дерек бойынша 1500-ге жуық мал аштан қырылды.


Хабарламаларға жазылу