«Батыр ана» отбасының тағдыры Ұлттық арна назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыр ана» отбасының тағдыры Ұлттық арна назарында

14.10.2014
«Батыр ана» отбасының тағдыры Ұлттық арна назарында

Ақтөбелік Айсәуле Сатыбалдиева қыраулы қыс түскенше балаларымды жылы үйге кіргізсем, деп үміттенеді. Алайда тоғызыншы перзенттерінің дүниеге келуін әне-міне деп күтіп отырған отбасының бұл арманы әзірге ақиқатқа айналар емес.

Аты-жөнін атамауды сұраған бір кәсіпкер құрылысқа қажетті 1 200 дана ұлутас әкеліп берген. Бірақ, бұл көмек теңізге тамған тамшыдай дейді, батыр ана.

Көп балалы отбасының жағдайынан Ақтөбе қаласының әкімшілігі де хабардар. Бірақ, шаһар басшылығы пәтерге үміткерлер тізімінде 7 673-інші болып тұрған Айсәулеге ешқандай жеңілдік жасалмайтынын жеткізді.

Демек кезектің қазіргі жылжу қарқынына қарағанда Батыр анаға баспана енді 10 жылдан соң ғана тиіп қалуы мүмкін екен.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу