Еуроодақ және Орталық Азия елдерінің Әділет министрлері бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақ және Орталық Азия елдерінің Әділет министрлері бас қосты

14.10.2014
Еуроодақ және Орталық Азия елдерінің Әділет министрлері бас қосты

Қазақстан құқықтық мемлекет құруға қажетті барлық реформаларды жүзеге асырды. Бұл пікірді бүгін басталған Еуроодақ және Орталық Азия елдері Әділет министрлерінің конференциясында  Қазақстандағы Германияның елшісі Гидо Херц айтты.

Елшінің сөзінше Заң жүйесінің  әлі де жетілдіретін тұстары бар. Сол үшін пікір мен тәжірибе алмасу маңызды.

Ал Италия әділет министрлігінің өкілі Қазақстанды Еуроодақпен белсенді әріптестік туралы келсімге қол жеткізуімен құттықтады. Оның айтуынша, бұл құжат экономикалық, саяси және құқықтық реформаны жүзеге асыруға көп көмек болады.

Төртінші рет ұйымдастырылған конференцияның басты мақсаты Заң жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылау және осы салада тәжірибе алмасу. Оған 13 елдің делегаттары мен халықаралық және үкіметтік емес ұйым мүшелері де  қатысуда. Конференция ертең де жалғасады

Берік Имашев, ҚР Әділет министрі:

Еуроодақтың «Орталық Азиядағы құқықтық үстемдік» жобасы аясында біз министрлер деңгейінде жиі кездесіп, онда қазіргі қоғамда құқықтық үстемдік қағидасы қашанда маңызды екеніне көз жеткізіп келеміз. Бұл жоба  елдер арасында  тиімді құқықтық жүйе қалыптастырып, тәжірибе алмасуға сеп болды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу