Тәнзия Оразғалиева – үш баланың анасы. Бұрын-соңды саман кірпіштен тұрғызылған ескі үйде тұрып келген еді. Оны ерте көктемдегі тасқын су түбірімен шайып кетті.
Енді міне Үкіметтің қаржысына салынған 6 бөлмелі үйге қол жеткізіп, биылғы күз қуанышқа бөленді. Жаңа баспанаға тіпті су, кәріз құбырлары да тартылып берілген.
Одан қалды шығын болған дүние-мүліктерінің орнына деп 600 мың теңгеден астам қаражатты тағы бөліпті.
Облыстық бюджет тарапынан 49 үйді салуға 351 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, дейід Көкпекті ауылының әкімі Бақытжан Смайылов.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ