Елордалық 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер балабақшасыз қалатын түрі бар. Бұған дейін 1-2 жасар балақайларды қабылдап келген кейбір жеке меншік ұйымдар топтарын қысқартып жатыр.
Бұған дейін жеке меншік балабақшалар 1 жас 2 айдан асқан бүлдіршіндерді қабылдаса, енді, Үкіметтен дотация алған соң, 3 жасқа дейінгі балғындар тәрбиленген топтарды шетінен таратып жатыр. Өйткені, талап солай.
Статистиканы сөйлетсек, Астанада демографиялық көрсеткіш жылдан жылға өсіп келеді.
Ал, балабақша аз. Мамандар болса, бұл мәселе 3 жасқа дейінгі балаларға арналған бақшалар көбейсе ғана шешіледі, деп отыр.
Алмат ӘБДІРАМАН