Құрбан айт мейрамы қарсаңында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Алматыдан Астанаға қоныс аударды.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы құрбан шалып, Астана жұртшылығына ас берді.
Дастарқан басында 2 жылдан бері игі дәстүрге айналып үлгерген «Раббың үшін құрбандық шал» акциясы арқасында қамқорлық көрген отбасылар хақында әңгіме айтылды.
Бас мүфти бұдан кейінде алысты жақын етіп, туыстар арасындағы мейірім, махаббатты молайтар осындай мерекелік шараларды көптеп ұйымдастыратынын айтты.