ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

01.09.2017

Құрбан айт мерекесімен барша жұртты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы құттықтады.

«Берекеге бастаған Құрбан айт бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге үндейді. Айт –  ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Раббысының разылығына, рақымына жақындай түседі.

Қасиетті Мекке қаласында халқымыздың бірлігі мен берекесін тілеп жатқан отандастырымыздың да дұғасы, қажылығы қабыл болғай! Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу – міндет емес. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен науқас жандарға таратылады.

Баршаңызды, күллі мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті, ұлық мереке –  Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін!», - деді Бас мүфти.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу