Тәртіп сақшыларының имиджін арттыру сөз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәртіп сақшыларының имиджін арттыру сөз болды

07.10.2014
Тәртіп сақшыларының имиджін арттыру сөз болды

Еліміздің тәртіп сақшылары мінсіз де, адал қызмет атқаруы тиіс. Шымкентке арнайы келген Ішкі істер министрлігінің үгіт-насихат тобының өкілдері осылай дейді.

Арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырғандар Төтенше жағдайлар депатаменті, қылмыстық атқару жүйесі және 65/06 әскери бөлімі қызметкерлермен кездесіп, Елбасының «Қазақстан жолы-2050» жолдауын кеңінен түсіндіріп өтті.

Жиында жас мамандарды патриоттық тәрбиеге баулу, полицейлердің имиджін арттыру мәселелері сөз болды.

Айта кетейік, өңірге арнайы келген Ішкі істер министрлігінің өкілдері осы аптада бірқатар ауданды аралап, құқық қорғау өкілдерімен кездесулер өткізеді. 

Айнұр АҚБАЕВА 

 

Хабарламаларға жазылу