Бүгін сағат 10:00-де Ұлттық арнадан тікелей эфирде шын жүректен қайырымдылық телемарафоны басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін сағат 10:00-де Ұлттық арнадан тікелей эфирде шын жүректен қайырымдылық телемарафоны басталады

29.09.2016
Бүгін сағат 10:00-де Ұлттық арнадан тікелей эфирде шын жүректен қайырымдылық телемарафоны басталады

«Шын жүректен» - қымбат ем алуды қажет ететін ауыр науқасқа шалдыққан балаларға және тұрмыстың тауқыметіне душар болған азаматтарға көмек ретінде қаражат жинау үшін ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы.

Мақсаты - барша халықты жақсылық пен жылулықты бөлісуге үндеу. 

Қайырымдылық телемарафонына қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары, ақын-жазушылар, спортшылар, дәрігерлер, сырқатты жеңген жандар қатысады. Ал, Қостанай, Өскемен, Орал, Тараз және Алматы қалаларындағы филиалдар тікелей эфирге қосылады.

Әлеуметтік желілерде #ШынЖүректен хэштегімен жазылған хаттар да назарда болады.

Телефон: 55 32 87, 48 63 19

Код: 8717 2

Жедел желі: 8 800 070 08 30

Ассамблея қорының электронды поштасы: ankfond@mail.ru 

Есепшот:

ИИК KZ54319Y010000361999

БИК ABKZKZKX

АО «БТА Банк» Филиал «Астана»

БИН 090 240 010 377  КБе 18

Айта кетейік, «Шын жүректен» - «Қазақстан» РТРК  және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ҚҚ-ның бірлекскен жобасы. Алғаш рет 2016 жылдың сәуір айында жүзеге асырылды.

Сіздерді Ұлттық арнамен бірге телемарафонға атсалысуға шақырамыз!

 

Хабарламаларға жазылу