Семейде жекеменшік үйлер орналасқан кейбір аудан талай жылдан бері қоқысқа бөгіп жатыр. Бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтардың көптігі сонша, жинала-жинала үйіліп қалған. Иістеніп, шіріп жатқан қалдықтардан құтылуға тұрғындар көмек сұраудан жалығар емес. Ал, шенеуіктер мәселені жеделдетіп шешуге қаражат жетпейді, деп отыр.
Қалаға кіреберіс күре жолдың шетінде үйілген қоқыс, күн санап көбейіп барады.
Қалада қоқыс басқан аудан бұл ғана емес. Қалтарыста қалған бірқатар көшенің күйі де дәл осындай.
Жылына қала көшелерін қоқыстан тазарту үшін, 5 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Ержан ЖАҚЫП