Заңсыз жолмен қара уылдырық тасымалдаған атыраулық азамат қолға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз жолмен қара уылдырық тасымалдаған атыраулық азамат қолға түсті

24.04.2018

Тінту кезінде оның сөмкесінен 14 пластикалық қорапқа салынған 7 келі қара уылдырық табылған. Ал, үйіндегі тоңазытқыштан тағы 1 келі бағалы уылдырық табылды. Тәркіленген 8 келі тауардың нарықтағы бағасы қазір шамамен 2 млн. теңгеге жуық. Ұсталған күдіктінің айтуы бойынша, ол бұл қораптарды көшеде тауып алған. Бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық  ІІД баспасөз хатшысы: 

- Бұл фактіге қатысты қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды. Айта кету керек, сәуір айында басталған «Бекіре» акциясы аясында жалпы саны 5 браконьерлік фактінің жолы кесіліп отыр.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу