«Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру үшін бес жыл ішінде 24 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
Жоба аясында 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін 30 мыңнан астам маман ауылға барып, жұмысқа орналасқан. Олардың баспана мәселесі де шешілді, Үкімет тарапынан тиісті көмекті алды.
Бағдарлама аясында 2014-2015 жылдары 17 мыңнан астам маман ауылға жұмыс істеуге барады.
Индира БЕГАЙДАР