«Apple» компаниясына тұтынушылардан шағым түсіп жатыр.
Жаңа «iPhone 6» смартфондары өте иілгіш, тіпті, қалтаға салғаннан майысып қалады екен.
Сарапшылардың айтуынша, бұған алюминийден жасалған құрылғы корпусының жаңа құрылысы себеп болуы мүмкін.
«Apple» өзінің жаңа «iPhone 6» және «iPhone 6 Plus» гаджеттерін әуелде шығарылғандардың арасындағы ең жіңішке телефон ретінде ұсынды.
Мадина МҰҚАНОВА