Әкімшілік жауапкершіліктің жазасы күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімшілік жауапкершіліктің жазасы күшейтіледі

24.09.2014
Әкімшілік жауапкершіліктің жазасы күшейтіледі

Қоғамдық орындарда темекі тартқан, түнгі уақытта тұрғындардың мазасын алып, ішімдік ішкендердің жазасы 10 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленді. Сонымен қатар, қайыр сұрағандар да жауапкершілікке тартылады.

Бұл туралы «Қоғамда ұсақ құқықбұзушылық және тәртіпсіздікке жол бермеуді қалыптастыру» атты тақырыпта өткен брифингте айтылды. Биылғы жылдың өзінде бір жарым миллион адам әкімшілік заң бұзған. Ал, адам өлтіру 18, жасөспірімдер арасындағы қылмыс 19, өте ауыр қылмыс  20 пайызға кеміген. Жылдамдықты арттыру бойынша 113 мың  заң бұзушылық анықталып, қауіпсіздік белбеуін тақпағандар 80 пайызға өскен. 

Хабарламаларға жазылу