Астанада өңірлердің ауыл шаруашылығы туарларының жәрмеңкесі өтті. Бүгін алғашқы болып азық-түлікті Алматы облысы ұсынды. Былтыр бұл өңір 136 миллион теңгеге өнім әкелсе, биыл бұл көрсеткіш 15 пайызға артқан. Айта кетейік, елордада осы игі шара дәстүрлі түрде 5 жыл қатарынан өткізіліп келеді.
Ербол Зариев жәрмеңкеге таңғы 8 де келіпті. Себебі мұнда баға қолжетімді, сапа да жақсы. Жас отбасының әкесі осындай жәрмеңкелер қаражатты біршама үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтады.
Индира БЕГАЙДАР