Атырау облысында Парламент Сенатының депутаттығына төрт кандидат тіркелді. Алайда, олардың біреуі сайлау науқанына қатысудан өз еркімен бас тартты.
Қалған үміткерлер - қазіргі сенатор Сәрсенбай Еңсегенов, жер қатынастары ғылыми-өндірістік орталығының басшысы Қамбар Теміров және «Жайық-Атырау» бекіре балығын өсіру зауытының директоры Ғилман Сәрсемәлиевтер сайлау заңнамаларына сәйкес, үгіт-насихат шараларымен айналысуда.
Оларға облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттың 132 депутаты таңдау жасайды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ