Ертең республикалық «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең республикалық «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы басталады

31.03.2016
Ертең республикалық «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы басталады

Ертеңнен бастап ұлттық конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комиссиясы қатысушылардан өтінімдерді қабылдай бастайды.

«Мерейлі отбасы» конкурсы 3 кезең бойынша өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – республикалық.

Конкурсқа қатысуға өтініштер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері мен Астана қаласының ішкі саясат басқармасында 2016 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін қабылданады.

Айта кетейік, өтініштерді қарау барысында комиссия өкілдері отбасы мүшелерінің жетістіктерінің маңыздылығы мен санына, отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлерге, рухани-адамгершілік құндылақтарға, арғы тектерін білуіне және т.б. назар аударатын болады.

Өткен жылы шығармашыл Жүгінісовтар мен спортшы Елеусіновтер әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының елордалық кезеңінің жеңімпаздары атанған болатын.

Еске салайық, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған.

Хабарламаларға жазылу