Павлодар қаласында салынып жатқан жаңа мектептің төбесі опырылып ортасына түсті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.
Бетон тіректер шытынап сына бастаған кезде олар апат аумағынан қашып үлгерген. Қазір арнайы комиссия құрылып, төтенше жағдайдың себеп-салдарын анықтауда.
Бұл мектеп құрылысы келер жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін аяқталуға тиіс.
Құрылыс талаптары өрескел бұзылған болса, комиссия тарапынан мердігер компания мен тапсырыс беруші арасындағы келісімшарттың күшін жою талабы қойылуы мүмкін.
Болат АМАНБАЕВ