Алдыңа мақсат қойсаң, ойлағаныңды жүзеге асыру қиын емес. Тіпті мүмкіндігің шектеулі болса да, дейді І топтағы мүгедек, оралдық Гүлмира Батпақұлова. Қайсар қыз осы сөзін іспен дәлелдеді. Ол 2500 метр биіктіктен парашютпен секіріп, бала кезден бергі арманын орындады.
Осылайша өзі тәрізді жандарды өмірде белсенділік танытуға шақырды. Жол апаты салдарынан, 17 жасында қос аяғынан айырылған Гүлмира, бүгінде «Арба» қоғамдық қорының жетекшісі. Ұйым өлкедегі мүмкіндігі шектеулі жандардың қамын ойлап, мүддесін қорғап келеді.
Рауан ДИӘЛИ