Қарағанды облысында Парламент Сенаты депутаттарының кезекті сайлауына дайындық жұмыстары қызу жүруде. Қазан айының 1-де өтетін саяси шараға облыс бойынша бастапқыда 6 үміткер болса, соның үшеуі өз кандидатурасын қайтарып алған.
Олар жоғары білікті инженер-құрылысшы Сергей Ершов, медицина саласында табысты еңбек сіңіріп келе жатқан дәрігер Дмитрий Чернов және белгілі кәсіпкер Николай Распопов. Сенімді өкілдерінің айтуынша, кандидаттар облысты аралап, жергілікті сайлаушылармен жеке-жеке жүздесуде.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ