Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 30-тамыз күні із-түзсіз жоғалып кеткен малшы, осы уақытқа дейін табылған жоқ. Базархан Нұрмұхамедов - Көкалат ауылында жеке шаруа қожалығының бақташысы.
Туған-туыстары осы іс бойынша жүргізілген тергеу жұмыстарына көңілдері толмайтынын айтады. Себебі, малшы жоғалған күні оны соңғы рет көрген, бірге болған адамдардың сөздері күдік тудырса да, ешқайсы қылмыстық жауапқа тартылмаған. Көкалат ауылы үлкен қалалардан шалғайда орналасқандықтан, жаяу адам ешкімнің көзіне түспей алысқа ұзауы мүмкін емес, дейді олар.
Дәуренбек ӘБДІБЕК