Елімізде есірткінің жаңа түрі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде есірткінің жаңа түрі тәркіленді

16.09.2014
Елімізде есірткінің жаңа түрі тәркіленді

Елімізге Қытай Халық Республикасынан осыдан екі ай бұрын есірткінің жаңа түрі кірген.

Төрт күнге жалғасқан «Канал-Долина» есірткіге қарсы күрес шарасы аясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер мен құқық қорғау органдарының мамандары 40 келі синтетикалық есірткі тәркіледі.

Бұл есірткінің өзгелерден айырмашылығы, құрамына химиялық қоспалар қосылған. Сондықтан адам психикасын қатты зақымдайды.

Сонымен бірге есірткіге қарсы операция кезінде барлығы 4 тонна 206 келі есірткі тәркіленді. Оның 95 келісі героин, 27 келісі апиын, 2 тонна 570 келісі марихуана, 1 тонна 81 келісі гашиш. 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу