Таразда «Мерейлі отбасы» орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда «Мерейлі отбасы» орталығы ашылды

15.09.2014
Таразда «Мерейлі отбасы» орталығы ашылды

Таразда Отбасы күні орай «Мерейлі отбасы» орталығы ашылды. Орталық  қызметінің негізгі мақсаты – ұлттық отбасылық дәстүрді сақтау, ұрпақтар сабақтастығы, неке институтына жауапты қатынасты тәрбиелеу.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова «Мерейлі отбасы» орталығының ашылуына өңірдегі барлық жоғары және орта арнаулы оқу орнының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жамбыл облысы бойынша әйелдер қауымдастығының, мемлекеттік органдардың өкілдері, ТарМПИ оқытушылары мен студенттері шақырылғанын айтты.

«Мерейлі отбасы» орталығының тұсаукесеріне облыстан 14 құрметті отбасы қатысты. Олар: «Мерейлі отбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары - Ережеповтер отбасы, Молдабаевтардың шығармашыл отбасы, жоғары оқу орнының мұғалімдері - Аладиновтер, жас отбасы, оқу орнының бұрынғы студенттері - Нұрсейтовтер және басқалары.

Мұндай шаралар ТарМПИ жанындағы «Мерейлі отбасы» орталығында жүйелі өтіп тұрмақ.

Хабарламаларға жазылу