Семейде қарызы бар тұрғындар қыста жылусыз қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қарызы бар тұрғындар қыста жылусыз қалуы мүмкін

12.09.2014
Семейде қарызы бар тұрғындар қыста жылусыз қалуы мүмкін

Қала бойынша тұтынушылардың берешегі жарты миллиард теңгеге жуықтаған. Сондықтан «Жылукоммунэнерго» мұндай шараға амалсыздан барып отыр.

Мәселен, жылумен қамтушы мекеме өткен жылдары қолданған көмір үшін 180 миллион теңге, суға 150 миллион, электр энергиясына 600 миллион берешек.

Оған қоса, 112 миллион теңге жұмысшылардың жалақысы төленбеген. Ал осы қаражаттың 500 миллионға жуығы қазір жылу ақысынан жалтарған тұтынушының қалтасында жүр.

Сондықтан қарызды қалайда жинау үшін «Жылукоммунэнерго» алдымен берешегі 100 мыңнан асатын пәтерлердің құбырларын  шетінен қиып жатыр.

Ержан ЖАҚЫП

 

Хабарламаларға жазылу