Мектеп жасындағы баласына немқұрайлықпен қараған ата-аналарға қолданатын шара күшейе түсті.
2015 жылдың қаңтарынан бастап дәлелді себепсіз мектептен қалған, қаңғыбастықпен және жаман әдеттермен айналысқан оқушының ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
Маңғыстаулық судьялар өткен оқу жылы облыста 36 ата-ана әкімшілік жазаға тартылған.
Олар бауыр еті балаларының мектепке бармағанынан бейхабар болып шығыпты. Қазіргі әкімшілік шара ата-ана қалтасын 9 мыңнан 37 мың теңгеге дейін қағады.
Жазира ӘБІЛ