Ішкі істер министрлігіне қарасты Күзет қызметінде жас отбасыларды баспанамен қамту мәселесі шешілмек. Қазір қызметтік жатақхана салу жұмысы қарастырылып жатыр.
Отбасы күніне арналған салтанатты жиында Күзет қызметін бақылау басқармасының басшылығы осындай жаңалықты жеткізді.
«Мерейлі отбасы» конкурсы аясындағы шараны Күзет қызметі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп өткізді. «Түрлі этнос өкілі айрандай ұйып отырған елдің әрбір шаңырағында бірлік болуы шарт», дейді ұйымдастырушылар.
Шынар АСАНҚЫЗЫ