Алматылықтар «Тоспа су» коммуналдық мекеме қызметіне наразылықтарын білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар «Тоспа су» коммуналдық мекеме қызметіне наразылықтарын білдірді

11.09.2014
Алматылықтар «Тоспа су» коммуналдық мекеме қызметіне  наразылықтарын білдірді

Алматы қаласының тұрғындары «Тоспа су» коммуналдық қызметіне  наразылықтарын білдірді. Себебі, қаланың шеткі аумақтарында орталық кәріз құбыры жоқ.

Алайда, тұрғындар мекемеге ай сайын ақша төлеуге міндеттелген. Ал, келіспеген тұрғындардан ақыны сот арқылы төлетіп келген.

«Тоспа судың» тәлкегіне төзбеген Түрксіб ауданы тұрғындары өз орталарынан өкілдерін сайлап, арнайы баспасөз брифингін өткізді.

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу