Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні болып белгіленді.
Осыған орай, бүгін Астанада «Менің отбасымның портреті» атты ауқымды акция өтті.
Оған елордалық оқушылар қатысып, әрқайсысы асфальт бетіне өз отбасы мүшелерінің бейнесін салды.
Акцияның мақсаты - отбасы құндылықтарын сақтау және балаларға патриотизм сезімін ұялату.
Айдана ҮСЕНБАЙ