Түнгі 00:00-ден таңғы 08:00-ге дейін қоғамдық тәртіпті қадағалауға тиіс полицейлер таң ата көз шырымын алмақ болған көрінеді.
Қаланың ортасында көлікте ұйықтап жатқан қос тәртіп сақшысын жүргізушілер ұялы телефонға түсіріп алған.
Бұл бейнекөрініс Ішкі істер департаменті басшылығына да жетіп, екі қызметкер бірден жұмыстан босатылды.
Сондай-ақ, олардың командирі де қатаң ескерту алды.
Әлия ТАЛАСОВА