Түркістандағы халықаралық Қазақ-Түрік Университетінде шу шықты. Оқу ордасының 300-ге жуық студенті оқу ақысын төлегенімен, сабақты одан әрі жалғастыруға мүмкіндігі болмай отыр. Оқу ордасының басшылығы студенттерді курстан-курсқа өтуге рұқсат етпеуде.
Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің студенті Жазира Шәкірханова білім алғаны үшін жыл сайын оқу ақысын ұстаздарға төлеп келіпті. Яғни, талап бойынша тиісті төлемдерді кассаға емес, университет қызметкерлеріне төлеу керектігі талап етіліп келген. Өзге студенттердің ақшасы да дәл осылай жиналып отырған.
Айнұр Ақбаева