Әлемдік экономика мен саяси ортада салмағы басым «Shape Eurasia – 2014» форумы Астанада тұңғыш рет өткізілуде.
Форумға әлемнің 45 елінен жүзден астам жас көшбасшы жиналған.
Жиынның ашылуында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасының жетекшілігімен тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталған сындарлы саясаттың жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.
Шетелден келген қатысушылар еліміздегі әртүрлі ұлт өкілдерінің тату тірлігі таңғалып, осы бағыттағы Қазақстанның саяси ұстанымы қызықтырды.
Досымжан ЕРМҰРАТ