Маңғыстаулық полицейлер радиоактивті цезий құйылған ыдысты іздестіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық полицейлер радиоактивті цезий құйылған ыдысты іздестіруде

02.09.2014
Маңғыстаулық полицейлер радиоактивті цезий құйылған ыдысты іздестіруде

Маңғыстаулық полицейлер радиоактивті цезий құйылған темір ыдысты іздеп жатыр.

Ол Оралдан Ақтауға қарай бағыт алған «КаМАЗ» автокөлігінен түсіп қалған.

Ғылыми зерттеу мақсатында алынған цезий ыдысының биіктігі - 30, диаметрі-20 сантиметр, ал салмағы 50-60 келі тартады.

Зиянды затты іздеу үшін облыстағы төтенше жағдайлар қызметі, әскерилер мен полицейлер жұмылдырылған.

Жазира ӘБІЛ

 

 

Хабарламаларға жазылу