Ақтөбеде «Қазақ халқына алғыс» композициясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Қазақ халқына алғыс» композициясы ашылды

01.03.2022

Ақтөбеде «Кәріс ұлты өкілдерінің қазақ халқына алғысы» мүсіндік композициясы ашылды. Шараға облыс басшылығы мен Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты. Композицияда ұлттық киімдегі қазақ әйелі кәріс әйеліне қымыз құйылған ыдысты ұсынып тұр. Бұл депортацияның қиын кезеңінде мыңдаған кәріс ұлты өкілдерінің, аман қалуына көмектескен қазақтардың қонақжайлығының белгісі. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу