«Gulnar tour» туристік компаниясы лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігі Туризм департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл осы туристік операторға қатысты бірнеше рет дау-дамай болған. Сәуірде Алматыдан, маусымда екі рет Қостанайдан және Өскеменнен «Gulnar tour»-дың жүздеген клиенті Қазақстаннан Түркияға және ол жақтан кері қарай ұша алмай, бірнеше күн әуежайда әуре-сарсаңға түскен.
Кейін туриcтердің талабымен компания жетекшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Таяуда Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл талап-арыз бойынша қозғалған азаматтық істі ашық сот отырысында қарап, Өскеменнен «Gulnar tour» ЖШС лицензиясын айыру туралы шешім шығарды.
Дәурен ДАРИЯБЕК