«Gulnar tour» компаниясы лицензиясынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Gulnar tour» компаниясы лицензиясынан айырылды

28.08.2014
«Gulnar tour» компаниясы лицензиясынан айырылды

«Gulnar tour» компаниясы сот шешімімен лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды newskaz.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына «Gulnar tour» ТК» ЖШС туристік қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясын алып қою туралы талап шағымын жолдаған болатын.

22-ші тамыз күні Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ашық сот отырысында шағым бойынша азаматтық істі қарап, аталған туристік компанияны лицензиясынан айыру туралы шешім шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында «Gulnar tour» туристік компаниясының тұтынушылары Түркиядан өз уақытында елге келе алмай қалған еді.

Хабарламаларға жазылу