Қарағандыдағы «Спасск» полигонында «Өзара іс-қимыл-2014» бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы 6 мемлекеттің әскерлері басқыншыларға қарсы өздерінің қорғаныс қабілеттілігін көрсетті.
Осымен 6-шы рет өткізілген оқу-жаттығудың айтарлықтай шеңбері кеңейіп, ұйымға мүше елдер арасында маңызы артты.
Оқу-жаттығудың жабылу салтанатына ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов қатысып, үздік сарбаздар мен офицерлерді марапаттады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ