Павлодар облысындағы «Майқайың-Алтын» Акционерлік қоғамының кеншілері кәсіпорын басшылығына наразылық білдіруде. Бұған өндіріс ошағындағы еңбек жағдайының нашарлығы мен жалақының төмендігі түрткі болған. Аталған мәселелердің тез арада шешілуін талап еткен кеншілер екі күн бойы шахтадан шықпаған.
Павлодар өңіріндегі «Майқайың алтын» кәсіпорны Ресейде орналасқан «Русская медная компания» акционерлік қоғамының құрамында. Яғни, жергілікті кеніш орнының акциясының басым бөлігі аталған компанияға тиесілі. Сондықтан болар, аймақтағы жұмысшылардың сыйақылары тұрақты түрде кешеуілдеп келеді.
Ерхан ТӘТКЕН