Биыл Ақмола облысында 4,5 миллион тонна астық жинау көзделіп отыр.
Диқандар іске ертерек кіріссе, қыркүйек айының соңына дейін астықтың 70-75 пайызын жинап алуға болады, деп мәлімдеді сала мамандары.
4,7 миллион гектар алқапқа сіңірілген дәнді дақылдарды жинауға 8 мыңнан астам комбайн жұмылдырылады.
Бүгінге дейін қажетті 78 мың тонна көлеміндегі жанар-жағармайдың 65 пайызы жеткізілген.
Қалғанын кешіктіріп жатқандарды облыс әкімі қатаң сынға алып, уақытында жеткізуді тапсырды.
Диана АХМЕТЖАН