Талдықорғанда өрттен құтқару спортынан төтенше жағдайлар қызметкерлерінің екінші жазғы чемпионаты аяқталды.
Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 20 команда келді.
Биылғы жылдың ерекшелігі сайысқа қыздар командалары да қатысты.
Доданың мақсаты - қыркүйек айында Алматы қаласында жалауын көтеретін әлем біріншілігіне спортшыларды іріктеу.
Бұл бәсекеде бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысының командасы иеленді.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ