Қостанай облысында жекеменшік жазғы демалыс лагерлерінің бірінде балалар жаппай астан ұшынып, ауруханаға түсті.
Мамандардың айтуынша, кешкі астан кейін балғындардың іштері ауырып, жүректері айныған.
Денсаулығы сыр бере бастағандар демалыс орнының медициналық пунктіне жіберілді. Дәрігерлер сырқаттарға «жіті гастроэнтерит» деген диагноз қойды.
Бүгінде мұндай аурумен ауырғандардың жалпы саны 41-ге жетті.
Олардың төртеуі Қостанайда облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Қазір жазғы лагерде жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Хадиша Суханова, Қостанай облыстық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы:
Жазғы лагерде болып, лабораториялық зерттеулерге тамақтың, ауызсудың сынамалары алынды. Балалардан және ас блогында жұмыс істеп жатқан қызметкерлерден анализдер алынды. Қазір барлығы зерттелуде. Жұмыс жүргізіліп жатыр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК