Мемлекет берген көмекке ғана қарап отырмай, қолда бар мүмкіндігін жүзеге асырып отырған азаматтар бүгінде аз емес.
Қазір Үкімет барлық қазақстандықтарға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға кәсіпкерлікпен шұғылдануға қолдау көрсетуде.
Дегенмен, бір істі қолға алып, оны дөңгелетіп әкету - оңай шаруа емес.
Мақтарал ауданының тұрғыны Жұмабек Тұрсынханның өзінің ғана емес, өмірлік жарының да мүмкіндігі шектеулі. Отағасы 5 жылдан бері арбаға таңулы.
Жарымен жолыққанына екі жылдан енді асты. Жас отбасы қарап отырмай төрт түлік ұстап, бау-бақша егеді. Үйге қолдан келгенше кіріс кіргізеді.
Жұмабек Тұрсынхан, І топтағы мүгедек:
Қолөнерге қажетті материалдар болса, істеуге болар еді. Қазір өзімнің талантыммен жасап жатырмын. Кітаптан қараған жоқпын. Қол боста осы бисермен айналысамын.
Қанша тырысқанымен, күйбең өмірдің тіршілігі аяқтан тартып қояр емес. Денсаулықты дұрыстап, былтыр алған баспана берешегінен құтылу үшін жақсы жандардың көмегі артықтық етпейді.
Фарида Гаюпова, І топтағы мүгедек:
Менің арманым - жолдасымды Астанаға апарып, мықты маманға көрсету. Үмітсіз шайтан, деген. Өзімнің де көзім көріп кетсе, деймін. Шымкенттік дәрігерлер көріп кете аласың, деген
Ал,шығысқазақстандық Болат пен Гүлбикенің шаңырақ көтергеніне біраз жыл өтті, бала тәрбиелеп отыр. Отағасының жоғары білімі бар. Есепші. Қазір кішігірім кәсіпкер.
Ауылда азық-түлік дүкенін ашқан. Жұмысы жүйелі. Замандастары мен тағдырластарына айтары, «Төзім мен еңбек, бәрін де жеңбек. Бұл – ақиқат», дейді.
Болат Балтабаев, І топтағы мүгедек:
1995 жылдары бастадық. Уақыт өте келе ұлғая береді. Еңбектің арқасында екеуміз осылай кәсібімізді жүргізіп отырмыз. Әр нәрсенің қиыншылығы болады. Тәубе деу керек, адамда қанағат болуы керек.
Расында да, кәсібі бар немесе оны ашуға ниет білдірген жарымжан жандарға қолұшын созу - қай заманның болмасын құндылығы болып қала бермек. Соны естен шығармаған жөн
Дулат АБИБУЛЛАЕВ