Ақтөбе облысында «Жасыл ел» жасағына 2,5 мың адам қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында «Жасыл ел» жасағына 2,5 мың адам қабылданды

30.07.2014
Ақтөбе облысында  «Жасыл ел» жасағына 2,5 мың адам қабылданды

Биыл Ақтөбе облысында  «Жасыл ел» жасағына 2,5 мың адам қабылданды. Студенттер ғана емес, жұмыссыз жүрген ауыл жастары да  абаттандыру жұмысына үлес қосуда.

Әйтеке би ауданында 145 жас елді мекендерді көгалдандырып, «Қостанай-Ақтөбе» тасжолының 30 шақырымы бойындағы ағаштарды күту жұмыстарына кіріскен.

Қарағаштардың бұтағын кесіп, әктеп, суаруды міндеттеріне алған және Қарабұтақ орман шаруашылығының мамандарына қолғабыс етеді.

Ауданда жастарды еңбекпен қамту үшін  1 миллион теңге бөлінді. Әр адамға еңбек ақы - 25 мың теңге. Жасақ жұмысы әлі де жалғасады.

Аяжан Жолдыбек, студент:

«Жасыл ел» бағдарламасы жастар үшін тиімді. Себебі, біз ауылымыздың гүлденуіне үлесімізді қосып жатырмыз. Мен қазіргі таңда ата-анамның қасындамын және достарыммен бірге  жұмыс атқарып жатырмын. Демалысты еңбекпен ұштастырып, өзімнің еңбегімнің ақысын алғалы отырмын.

Әлия ТАЛАСОВА

 

Хабарламаларға жазылу