Бүгін - қасиетті Қадір түні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - қасиетті Қадір түні

23.07.2014
Бүгін - қасиетті Қадір түні

Бүгін - мың айдан да қайырлы Қадір түні. Иісі мұсылман қауымы бұл түнді Құдайға құлшылық жасап, дұға етумен өткізеді. Өйткені, Қадір түнінің берекеті мен құлшылық сауабы 83 жыл жасаған мінәжаттың сауабына тең келеді.

Бұл түнгі ғибадат, құлшылық мың айда жасалған құлшылықтан артық. Бұл түні періштелер Көктен түсіп, жер бетінде береке орнайды, Алланың кешірімі нәсіп болады.

Періштелердің жер бетіне түсуі, Қадір түнінің маңыздылығын айқындайды. .

Бақытжан Өткелбаев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы:

Қадір түнін мұсылман баласы үйде немесе мешітте өткізуге  болады. Міндетті түрде мешітте өткізу керек, деген сөз жоқ. Бірақ, жамағатпен бірге намаз оқимын, уағыз тыңдаймын десе, келуіне болады. Бұл түнді Құдайға құлшылық жасаумен, Құран кітабын оқумен өткізу керек. Қадір түні деген - бір жылғы есеп.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу