«Жасұландықтар» тегін мобильді тарифке қосыла алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасұландықтар» тегін мобильді тарифке қосыла алады

22.07.2014
«Жасұландықтар» тегін мобильді тарифке қосыла алады

 Енді 1, 5 миллион  «жасұландық»  мобильді тариф арқылы тегін сөйлесе алады.

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті «Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «КаР-Тел» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Оқушылар қыркүйек айынан бастап, ішкі желіде тегін қоңырау шалып, басқа операторлардың абоненттерімен төмен тарифтермен  байланысқа шығуға мүмкіндік алады.

«Сонымен қатар, аталған құжат көптеген әлеуметтік жобаларды бірлесіп іске асыруға септігін тигізеді»,  дейді жиынға қатысушылар.

Данияр Шәмілов, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы:

Осы меморандумға қол қою арқылы біз «Сәлем»  деген  республикалық журнал шығарамыз. Одан кейін «жасұландықтарға» арнап, «Жас Карт» деген әлеуметтік картаны іске қосуға дайынбыз.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу