Шілде айының үшінші жексенбісі – металлургтердің кәсіби мерекесі! Осыған орай, бүгін Елордада темір өндіру саланың өсіп өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ металлург марапатталды. Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау арнайы құттықтап, «Құрметті металлург», «Кұрметті кенші» төсбелгілерін сыйға тартты. Оның айтуынша, бүгінде елдегі өнеркәсіптік өндірістің 17 пайызын құрайтын тау-кен металлургиялық кешені қарқынды дамып келеді. Мәселен, 2010 жылы өнеркәсіптің көлемі 1569,9 миллиард теңгені құраса, былтыр бұл көрсеткіш 202 миллиард теңгеге артқан.
Төлеген Мұханов, Тау-кен және металлургия өнеркәсіптері қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары:
Біздің салада жұмыс істеу өте қиын, сондықтан өткізіп жатқан мейрамымыз бұл біздің жұмысшыларды моральдық жағынан қолдау болып табылады.
Айдана ҮСЕНБАЙ